Құрылтай сайлауы қашан өтеді?
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанда Құрылтай сайлауы қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды Masa media.
Парламенттің өкілетті қашан тоқтайды
Мәулен Әшімбаевтың сөзінше, Сенат пен Мәжілістің өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін екі ай ішінде сайлау өтуі тиіс.
«Сайлау 1 қыркүйекке дейін өтеді, ал 1 қыркүйекте дейін Құрылтай өз жұмысына кірісуі керек. Егер Қазақстан халқы жаңа Конституция жобасын қолдайтын болса, Парламенттің қазіргі құрамы 1 шілдеге дейін жұмыс істейді», – деп түсіндірді палата спикері.
Құрылтай сайлауы
Жаңа Конституция жобасының 95-бабына сәйкес, Ата заң күшіне енгеннен кейін президент бір ай ішінде Құрылтай сайлауын жариялауы керек. Ол екі ай ішінде өткізілуі қажет. Бірінші шақырылған Құрылтай өзінің бірінші сессиясына жиналған кезде елдің негізгі мемлекеттік органдарын жасақтау жұмыстары басталады.
Екі айдың ішінде президент депутаттардың келісімімен вице-президентті тағайындауы керек. Сол мерзімде Конституциялық Соттың төрағасы мен судьялары тағайындалады. Жаңа құрам жасақталғанға дейін қазіргі судьялар жұмысын жалғастырады.
Сондай-ақ Құрылтайдың бірінші сессиясынан кейін Орталық сайлау комиссиясы мен жоғары аудиторлық Палатаның жаңа құрамдары бекітілуі тиіс.
Бұдан бөлек, Конституция күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде президент Жоғарғы Соттың төрағасын, Ұлттық банктің басшысын, бас прокурорды, ҰҚК төрағасын, Жоғары Сот кеңесінің төрағасын және адам құқықтары жөніндегі уәкілді тағайындауы қажет.
Референдум
Еске салайық, Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдум 2026 жылғы 15 наурызда өтеді. Тиісті Жарлыққа 11 ақпанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
13:46
47
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.